Бүгін «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында кезекті велошеру өтті.
Бұл ауқымды спорттық шара 500-ге жуық әуеской басын жетінші мәрте қосты. Қатысушылар 9 шақырымды жүріп өтті. Велошеру велошабандоздар Әл-Фараби даңғылынан жолдарын бастап, ҚР бірінші президенті саябағының жанында мәреге жетті. Мәреде, қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысты. Әдеттегідей, әуесқойлардың бірі басты сый – велосипедтің иегері атанды. Бүгін Данил Ткаченко үшін ең сәтті күндердің бірі болды.
— Велосипед жеңгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін күтпеген тосын сый болды. Көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылып жатқанда, өз нөмірімді асыға күттім, алайда, бүгін маған велосипед жеңу бұйырыпты. Өзім велоспортпен бір жылға жуық шұғылданамын. Енді, жаңа велосипедпен жаттығамын. Бүгінгі қатысуым алғаш мәрте, маған барлығы ұнады. Келесі велошеруді асыға күтетін боламын. Ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз, — деп әсерімен бөлісті Данил.
Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен жетінші мәрте өткізілді, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.