Басты бет / Соңғы жаңалықтар / MIAMI-2017. ШВЕДОВА МЕН ПУТИНЦЕВА ЕКІНШІ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

MIAMI-2017. ШВЕДОВА МЕН ПУТИНЦЕВА ЕКІНШІ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

Американың Майами қаласында басталған халықаралық WTA санатына енетін теннис бәсекесінде Юлия Путинцева мен Яраслава Шведова екінші айналымға жолдама алды.

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты екінші айналымнан бастауға рұқсат алды. Ал Шведова (50)  бірінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы сербиялық Елена Янковичті  үш сеттің қорытындысы бойынша 6:4 4:6 6:7(3) есебімен жеңді. Екінші айналымда Путинцева германиялық теннисші Карина Виттехефтпен кездеседі. Шведованың екінші айналымдағы қарсыласы — әлемнің 16-ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченкова болмақ.

  • WTA (әйелдердің теннис ассосациясы) рейтингісінде үздік жүз теннисшінің қатарында қазақстандықтар арасынан тек Юлия Путинцева (32) мен Яраслава Шведова (50) бар. Ал Зарина Дияс әзірше 209-орында келе жатыр.
  • Майамидегі турнир Путинцеваның биылғы сегізінші жарысы.
  • Шведова биыл осы жарысты қосқанда тек бес турнирге ғана қатысқан.
  • Путинцева биыл Санкт-Петербургта өткен жарыстың финалына дейін жеткен. Басқа жарыстарда жоғары нәтиже көрсете алмады.
  • Шведова әзірше биылғы жарыстардың бірде-біреуінде 1/16 финалдан ары аса алмаған.

 

Сондай-ақ

MIAMI-2017. ШВЕДОВА ЖҰПТЫҚ СЫНДА ЕКІНШІ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

Американың Майами қаласында өтіп жатқан теннис бәсекесінде Яраслава Шведова америкалық Ваня Кингпен жұп құрап, турнирдің …