Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «МИЛАН» АРГЕНТИНАЛЫҚ ШАБУЫЛШЫ ИГУАИНДІ ЖАЛҒА АЛДЫ

«МИЛАН» АРГЕНТИНАЛЫҚ ШАБУЫЛШЫ ИГУАИНДІ ЖАЛҒА АЛДЫ

Аргентина құрамасының және «Ювентус» клубының шабуылшысы Гонсало Игуаин «Миланның» ойыншысы атанды.

Италиялық «Милан» клубы, 30 жастағы ойыншыны 2018/19 маусымына 18 миллион еуро төлеп жалға алды және маусым аяқталғаннан кейін тағы 36 миллион еуро төлеп толықтай сатып алады. Бұл ауысым үшін «Милан» жалпы 54 миллион еуро төлейді.

«Миланда» 9-шы нөмірмен өнер көрсететін Игуаиннің жалақсы маусымына 9,5 миллион еуроны құрамақ, соның 1 миллион еуросын «Ювентус» үш жыл бойы төлеп отыратын болады (ойыншының «Ювемен» келісімшарт мерзімінің әлі 3 жылы қалған).

Бұл, Гонсало Игуаиннің мансабындағы үшінші италиялық клубы, ол 2013/2016 маусымдарында «Наполи» және 2016/2018 маусымдарында «Ювентус» сапында өнер көрсеткен. Ал оған дейін 2006/2013 маусымдар аралығында мадридтік «Реалда» шабуылшы болған.

Фото: «Милан» клубының Twitter парақшасынан

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін …