Алматыда еркін күрес академиясы ашылды. Бұл іс-шараға ҚР күрес федерациясының мамандары және ұлттық құрама бапкерлері, сондай-ақ Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, Олимпиада чемпионы Хаджымұрат Гацалов қатысты.
Енді академияда жас балуандар өз шеберліктерін шыңдап, білікті бапкерлерден тәлім алады. Қазір орталықта жастар мен жасөспірімдер және ересектер құрамасы бірлескен оқу жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Сондай-ақ сурдоолимпиадашылар да соңғы дайындықтарын өткізеді.
Бүгінгі жиында тамыз айындағы әлем чемпионатына баратын еркін күрес шеберлерінің есімі анықталды. Олар Францияда өтетін спорт додасында ел намысын қорғайды.
Әсет Серікбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері:
– Қазіргі таңда осы спортшыларды әлем чемпионатына алып, дайындасақ деп отырмыз. Бірақ қазір өздеріңіз білесіздер спортта жарақат деген болады. Сол жарақат мәселесі болған жағдайда біз өзіміздің екінші нөмерлі спортшыларымызды әрдайым бірге дайындасақ па деп ойлап отырмыз.
www.24.kz






DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт