Аралас жекпе-жектен додалар ұйымдастыратын ресейлік Absolute Championship Berkut промоушені, Арман Оспанов (8-2) пен ресейлік Расул Мирзаев (17-1) арасындағы жекпе-жектің ресми промо-ролигін жариялады.
Екі жауынгердің жекпе-жегі 10-шы қараша Мәскеуде ACB 90 додасында өтеді.
Арман соңғы желтоқсан айында өткізген жекпе-жегінде, төрешілердің даулы шешімімен Алексей Полпудниковке (25-5-1) есе жіберді. Ал Расул грэпплинг ADCC ережесі бойынша, жерлесіміз Ержан Естановтан (16-8-1) басым түскен болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт