Алматылық «Қайрат» футбол клубы албаниялық «Скендербеу» ұжымынан жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды.
Екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі Корче қаласында өтіп, матч 2:0 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды.
Кездесудегі есепті 58-минутта албаниялық команданың жартылай қорғаушысы Сабиен Лиляй ашты. 75-ші минутта Лиляй сары қағаз алып, алаңнан шығып қалды.
Ал, 83-ші минутта «Скендербеу» форварды Себино Пляку екінші гол салып, ойындағы соңғы голдың авторы атанды. 86-шы минутта Арзо қарсыласына соққы жасағаны үшін қызыл қағазбен алаңнан қуылды.
Командалар арасындағы Алматыда өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша албаниялық клуб 3:1 есебімен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Ал, павлодарлық «Ертіс» те сырт алаңда «Црвена Звездадан» жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды. Екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі Белградтағы Райко Митич атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске қол жеткізді.
kazsporttv.kz