Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ФУТЗАЛ: «АҚТӨБЕ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ОЙЫНЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ФУТЗАЛ: «АҚТӨБЕ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ОЙЫНЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің екінші ойындары аясында «Ақтөбе» финляндиялық «Кампуксен Дюнамо» командасына қарсы кездесу өткізді.

Жеребе нәтижесі бойынша «Ақтөбе» алтыншы топта «Ново Вриеме» (Хорватия), «Кампуксен Дюнамо» (Финляндия) және «ТМС» (Грузия) командаларымен ойнайды. Кездесулері 3-ші және 6-шы қазан аралығында Хорватияда өтуде.

«Ақтөбе» бірінші ойынын грузиялық «ТМС» командасына қарсы өткізіп, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Ал екінші ойынын финляндиялық «Кампуксен Дюнамо» командасына қарсы өткізіп, «Ақтөбе» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қатарынан екі рет жеңіске жеткен «Ақтөбе» алты ұпаймен Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама үшін әлі де таласты жалғастыра бермек. Енді негізгі кезеңнің соңғы ойынында «Ақтөбе» жергілікті «Ново Вриеме» командасымен кездеседі, ойын 6-шы қазан күні өтеді.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …