Сіздердің назарларыңызға 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы, «Астана Арландары» клубының бұрынғы мүшесі 25 жасар Асхат Уалихановпен dodasport.kz тілшісінің сұқпатын ұсынамыз.
— Алдағы кездесуіңіз қашанға жоспараланып жатыр?
— Ломаченко Уолтерес андеркартында 26 қараша күні бокстасып қаламын Алла қаласа
— Роберт Гарсиямен бірге жұмыс жасап жатырсыз ба әлде жаттығуларды өзіңіз жасайсыз ба?
— Ия. Гарсиямен жұмыс жасап жатырмыз
— Ломаченко-Уолтерс бокс кешін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады, бұл жайлы құлағдарсыз ба?
— Ия естіп жатырмын. Бірақ бізді корсетеді ма көрсетпейді ма білмеймін.
— Жалпы жыл соңына дейін неше кездесу жоспарлап отырсыз?
— Әлі белгісіз осы жекпе-жектен кейін белгілі болады
— Сіздің алғашқы кездесуіңіз есепке алынбады ғой?
— Алынды, маған жеңіліс жазылды
— 63,5 салмақ дәрежесіне дейін салмақ қуу қиынға соқпайды ма?
— Әрине, кішкене қиналамыз, мүлдем қиналмаймын демеймін, бірақ қазір салмағым 63,5-те бокстасуға жақсы келіп тұр
— Алдыңғы сұқпаттардың бірінде кейін 66,7 кг салмақ дәрежесіне ауысу туралы айтыпсыз.
— Ия. болашақта Аллах қаласа сол салмақта да бокстасып қалуым мүмкін
— Ал кездесулер арасындағы қалыпты салмағыныз қанша?
— 69 кг шамасында болады
— Кездесуге дейін 63,5-ке қуасыз салмақты, сосын кездесу кезінде бір күн ішінде шамамен қанша салмақ қосасыз?
— 4-5 килограмм қосамын
— Болашақта алғашқы қарсыласыңыз Дэниел Бастиенмен кездесіп, реванш алу ойыңызда бар ма?
— Білмеймін ол туралы ойланбаппым шынымды айтсам. Көреміз кездесуге мүмкіндік болса кездесерміз
— Өз салмағыңызда қай боксшыны мықты деп танисыз. Кроуфордты ма әлде Броунерды ма?
— Кроуфордты
— Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Алдағы кездесуіңізде сәттілік тілеймін!