Қытайлық Тайбэйде өткен арбада спорт биін билеу бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар 7 медаль ұтты. 3 алтын, 2 күміс, 2 қола, деп хабарлады ҚР штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметі.
«Кеше 1-ші Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары үш алтын, екі күміс, екі қола медаль ұтты», — делінген хабарламада. Турнир нәтижесі: Мұхтарова Малика — 2 алтын (single woman / single woman freestyle), Қалымбетова Ермек — 1 алтын(single man freestyle). Раушанбеков Дастан мен Аталықова Кулшум — күміс (combi freestyle class 2), Отарбаев Ардақ пен Бегленова Айдана — күміс (combi standard class 1), Отарбаев Ардақ пен Бегленова Айдана — қола (combi latin class 1) Раушанбеков Дастан мен Мұхтарова Малика — қола (duo latin class 2).
Дерек көзі: egemen.kz