Басты бет / Қысқы спорт / «БАРЫС» ҚХЛ-ДА АЛҒАШҚЫ РЕТ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

«БАРЫС» ҚХЛ-ДА АЛҒАШҚЫ РЕТ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Құрлықтық хоккей лигасының 2018-2019 маусымындағы екінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда «Ақ Барсқа» есе жіберді.

Қазанда өткен ойында «Барыс» клубы бес минутта үш шабы жіберіп, 4:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетсек, Құрлықтық хоккей лигасының 2018-2019 маусымының бірінші кезеңінде, елордалық «Барыс» хоккей клубы Нижнекамсктың «Нефтехимик» командасына қонаққа барып 1:6 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Келесі ойынын «Барыс» хоккей клубы 9-шы қыркүйек күні Нижний Новгородта «Торпедо» хоккей клубына қарсы өткізеді. Кедесу Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир басталды, деп ақпараттық …