Қазақстандық жастар арасындағы WBC чемпионы Әли Ахмедов (12-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек Коста-Меса қаласынданың (Калифорния штаты, АҚШ) «The Hangar» аренасындағы бокс кешінде шаршы алаңға көтерілген отандасымыздың қарсыласы мексикалық боксшы Хавьер Гомес (17-14, 11 КО) болды. Жартылай ауыр салмақта сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек, NABF Junior белбеуі үшін өтті.
Бірінші раундта Әлидің бауырдан жасаған ауыр соққысынан кейін қарсыласы орнынан тұра алмады. Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісіне жетіп, NABF Junior белбеуінің иегері атанды.
Айта кетейік, 23 жастағы Әли Ахмедов «GGG Promotions» промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол Big Bear-да Геннадий Головкинмен бірге бапкер Абель Санчестің қол астында жаттығады.
Сурет: «ggolovkin» вконтакте парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт