Басты бет / Басқа түрлер / МУАЙ-ТАЙШЫЛАР 3 КҮМІС ЖӘНЕ 2 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

МУАЙ-ТАЙШЫЛАР 3 КҮМІС ЖӘНЕ 2 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

 

Ветьнам елінің Дананг қаласында 5-ші Азия жағажай ойындары жалғасуда. Муай-Тайшылар 3 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Муай-Тайшылар бәсекесі мәресіне жетті. Өкінішке орай спортшыларымызға алтын медаль алудың реті түспеді. Себебі, осы бір спорт түрінің негізі қаланған Тай елі бокс шеберлері әлі қанына біткен қасиеттерін жойған емес. Әлемдік ареналарда қазақ спортшылары тек Тайлықтардан айласын асыра алмай келеді десек, сол жағдай Вьетнам елінде де қайталанып отыр.

51 келі салмақ дәрежесінде Саясатов Еламан күміс жүлдегер атанды. Биылғы жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері бұл жолы да Тай боксының негізі қаланған Тай елінің өкіліне есе жіберді. Өзінен 10 жас үлкен тәжірбиелі қарсыласынан ғана жеңілді демесеңіз, Еламан әлемдегі ең мықты Тай боксы спортының қас шебері саналады. Қарсыласы биыл өзінің спорттық мансабын аяқтады. Мамандардың айтуы бойынша 51 келі салмақ енді Қазақстанға толықтай өтті деуге болады.

57 келі салмақта Ищан Галиев күміс жүлдегер атанды. Биылғы жылғы Швецияда өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері өзінің шеберлік деңгейін көрсете алды. Оның финалдағы қарсыласы тағы бір азулы Тайланд спортшысы болды.

67 келі салмақта Қанатбаев Жәнібек күміс жүлдегер атанды. Әлемдік аренада «б» санатынан озық шығып, шеберлер арасында сынға түскен Жәнібек үшін бұл үлкен жетістік болып саналады.

71 келі салмақ дәрежесінде Рүстем Ақжанов қола жүлдегер атанды. Бұл спортшы әділетсіздіктің құрбаны болды десек те болады. Ол жартылай финалда қарсыласын айқын жеңген болатын. Бірақ басқа спортшының қолы көтерілді. Шағым жасалынды, бірақ еш нәтижесіз. Себебі оның қарсыласы жарыс қожайыны, Вьетнамдық спортшы болатын.

Әйелдер арасында 60 келі салмақта Чигиркина Лада қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Муай-тайшылардың жетістігінен басқа ашық суға жүзушілеріміз 2 алтын және 1 қола медаль еншілегенін айтқанбыз.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …