Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Жексенбінің ыстық күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 3000-ға жуық адам кезекті велошеруде кездесті. Бұл спорттық шара Ұлы жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай өткізілді.

Әдеттегідей, әуесқойлар сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» маңында жиналып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысу үшін бастапқы нөмірлерін алды. Қатысушылар 12 шақырым жерді қала көшелерімен жүріп өтті. Олар мәреге Республика сарайы маңында жетті, қатысушылар KFC аудандық фестивалі мен KFC-лигасының футбол мен стритболдан қалалық іріктеу жарысына куә болды.

Мәреде спорт сүйер қауым мен мереке қонақтары Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ, Қазақстандағы KFC бренд өкілдерінің ҰОС ардагерлерін құттықтау рәсімін тамашалады. Сонымен қатар, Ұлы жеңістің мерекесіне орай ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

— Құрметті спортшылар! Бізге дені сау, жігерлі, энергияға толы жастарды көру — бір ғанибет. Қазіргі таңда сіздер үшін барлық жолдар ашық, үкімет беріп отырған керемет мүмкіндіктерді өткізіп алмаңыздар. Спортпен айналысатындарыңыз қандай тамаша, дендеріңіз сау болсын, отанға қызмет етіңіздер! Біз отанды сүйдік, оның тәуелсіздігі үшін соғыстық, соның арқасында қазір ең жақсы, тыныш елде, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Біз, барлығымыз бірге оның көркеюіне ат салысамыз. Сіздерге тек сәттілік тілеймін! – деп тілек білдірді ардагерлердің бірі.

«Спорттық Алматы» ұйымадастырушылар атынан сыйлықтарға тек аргерлер ғана емес, сондай-ақ, бүгінгі велошерудің қатысушылары да ие болды. Осылайша, бағалы сыйлықтардың бірі, велосипедті Мурат Садыков жеңіп алды.

— Осы жылы алғаш рет қатысып отырмын, күтпеген тосын сый болды. Велошерулер ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Олар жалғаса берсін, өйткені, салауатты өмір салтын ұстану барлығымыз үшін пайдалы. Мұнда біз жиналып, бір-бірімізбен араласып, уақытты керемет өткіземіз. Осы велосипедті кіші ағама сыйлаймын, — деп бөлісті велосипед иегері.

Айта кетсек, қатысушылар KFC Best Fest ұйымдастырушылар атынан мерекелік концерт пен ойын-сауық шоу-бағдарламалар мен стритбол жарыстарының куәгері болды. Мерекелік шараның салтанатты жабылу рәсімінде арнайы шақырылған қонақ, ресейлік рэпер L`One өнер көрсетті.

Еске сала кетсек, бұл спорттық шара «Спорттық Алматы» жобасы қолдауымен осы жылы жоспарланған 20 велошерудің үшіншісі. Бағдарлама мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына, белсенді демалысты насихаттауға бағытталған.

 

Сондай-ақ

СҮЙРЕТПЕМЕН МАРАФОНДЫ ЖЕҢГЕН МЕКСИКАЛЫҚ ҚЫЗ

Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең төзімді марафоншылардың бірі туралы айтпақшымыз. Бұл Мария Лорена Рамирес. Мексика …