Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдо спортынан «Grand Prix» турнирі өтуде. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпы есепте үшінші орында келеді.
Жалпы сайысқа әлемнің 15 елінен 135 спортшы қатысуда. Оның ішінде 23 дзюдошы Қазақстан намысын қорғайды.
52 салмақ дәрежесінде сынға түскен Айкүнім Түйтекова үш қарсыласын да оңай жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
66 келіде Азамат Мұқанов финалда жапондық дзюдошы Такайши Кагоға есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.
57 келіде Севера Нышанбаева мен 60 келіде Бауыржан Жауынтаев қола жүлде иегерлері атанды.
Турнирдің алғашқы күнінде 5 түрлі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан 10 спортшы бағын сынады. Оның төртеуі медаль тақса, Сайыл Ұлдана (48 кг) мен Анна Казюлина (57 кг) бесінші, Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг) мен Асылжан Сейдуалы (60 кг) жетінші орынға жайғасты.