Бокстан Қазақстан құрама командасы мен әйелдер күресінің шеберлері Жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Малайзияға ұшып кетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшыларды дүбірлі додаға шығарып салу үшін туыстары мен жақын достары әуежайға жиналды.
Боксшылардың бас бапкері Мырзағали Айтжанов сапардың сәтті болуын тілеген көпшілікке алғысын айтып, былғары қолғап шеберлері жанкүйерлерлі жерге қаратпайтынын жеткізді.
Боксшыларды шығарып салуға Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит те келді. Левит Азия ойындарына қатыса алмайды. Себебі, ол сынға түсетін салмақ дәрежесін (91 келіге дейін) ұйымдастырушылар Азия ойындарының бағдарламасынан алып тастады.
Сондай-ақ, Жұлдыз Ешімова мен Эльмира Сыздықова бастаған еркін стильдегі әйелдер күресінің өкілдері де Азия ойындарына аттанды.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт