«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің «Атырауға» қарсы өткізген ойыны, алматылық клуб сапындағы 100-ші ойыны болды.
2016-шы жылдың сәуір айынан бері «Қайрат» клубын ойнап келе жатқан Аршавин, Қазақстан чемпионатында 76 ойын, Еуропа Лигасында 13 ойын, Қазақстан Кубогында 9 ойын және Суперкубокта 2 ойын өткізген. Барлық өткізген 100 ойынында Аршавин, 30 гол соққан және 37 нәтижелі пас берген.
Андрей Аршавин, «Қайрат» пен «Атырау» арасында ойында алаңға қосалқы құрамнан шығып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Сурет: «f.c.kairat» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт