Басты бет / Бокс / АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ЖАРИЯЛАДЫ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін жариялады.

Айдос Instagram парақшасында, 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кешінде, екінші орта салмақта WBC Asia белбеуі үшін жекпе-жек өткізетінін хабарлады. Қарсыласы әзербайжандық Руфат Хаджиев (7-0, 7 КО) болады.

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде Ибрагим Ескендір, Еділ Қожамбердиев, Арман Рысбек, Уәлиxан Бисенқұлов, Руслан Мырсатаев және т.б. боксшыларымыз шаршы алаңға көтерілмек.

Естеріңізде болса, Айдос Ербосынұлы Астанада өткен Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасындағы бокс кешінде, әзербайжандық Исмат Эйнуллаевты 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Asia белбеуінің иегері атанған болатын.

Ассалаумағалейкүм алаш елі. Тағы бір жақсы жаңалығыммен сіздермен бөліскім келіп отыр. Аллаһ қаласа 15 қыркүйек еліміздің батысы, Ақтөбе деген әсем қаламызда, 9 шы жекпе жегім өтеді. Аллаһ қаласа WBC Asia белдігіне таласатын боламын. "Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бәрі бос" дегенди ағайын, дұғада болғайсыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. . . . . . . . . . . . #aidosyerbosynuly #barys #🌟🌙dos #inwalllah #boxing #chempion #intheworld #boxingstar #qazaqstan #almaty #astana #zharkent

A post shared by Айдос "БАРЫС" Ербосынулы (@yerbosynuly_aidos) on

Сондай-ақ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАУ АЛАДЫ

28-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР …