Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВ, ЕРКЕ ЕСМАXАН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ АТАНДЫ

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВ, ЕРКЕ ЕСМАXАН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БРЕНД-АМБАССАДОРЫ АТАНДЫ

Қазақстандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды.

Он бір адамнан құралған отандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды. Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Луина, Нұрлан Еспанов, Жәния Джуринская, Марат Оралғазин, Гүлназ Жоланова, Аян Бірбаев бар. Танымал тұлғалар Федерация брендін жарнамалайтын болды.

Бренд-амбассадор – ұйым немесе компанияның өнімін жарнамалап, танымал ететін адам.

Таңдалған жұлдыздардың әрқайсысының әлеуметтік желілерінде мыңдаған немесе миллиондаған оқырманы бар. Қазақстан футбол федерациясы аталған амбассадорлардың әлеуметтік желілері арқылы ұлттық құрама ойындары мен шараларын хабарлайды.

Бренд-амбассадорлар өз міндеттеріне алдағы уақытта кіріседі. Олар УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасында Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын туралы алдан ала хабарлайды. Кездесу 6 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫН 2018 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасын Индонезияда өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына шығарып салу салтанатты рәсімі …