Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ КАНАДАДАҒЫ ЖАТТЫҒУЫНА ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ КАНАДАДАҒЫ ЖАТТЫҒУЫНА ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) келесі жекпе-жегіне жаттығу үшін Монреальға (Канада) оралды.

Садриддин 7-ші қыркүйек күні Канаданың Эдмонтон қаласында жекпе-жек өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромай (21-5, 18 КО) болмақ. Бұл бокс кешінде Садриддин орта салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болады. Осыған дейінгі үш кездесуінде де жерлесіміз бірінші орта салмақта өнер көрсеткен еді.

Садриддин Ахмедов 16-шы маусымда өткізген жекпе-жек өткізіп, 5-ші раундта қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды (13-10-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Сондай-ақ

«АСТАНА» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

«Астана» қатарынан үшінші рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын болады. УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі …