Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткен Олимпиаданың күміс медалі үшін спортшыларға екі бөлмелі пәтер беріледі, деп жазады tumba.kz.
Бұған дейін Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер сатып алуға бюджеттен 32 млн теңге бөлінгені хабарланған еді.
Облыстық әкімдіктен мәлімдегендей, боксшының жаңа пәтері қаланың элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде орналасқан. Бұл Әділбек Ниязымбетовтің спорттағы жетістіктері үшін алып жатқан екінші пәтері.
Baq.kz