Басты бет / Басқа түрлер / ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ «АЛТЫН ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ «АЛТЫН ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

 

Жақсылық Үшкемпіров — «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді. Ағамыз спортты дамытып, оны қолдағаны үшін номинациясында жеңімпаз атанды.
Қазақ спортының тариxына енген олимпиада, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров «Мыңбаев» елді-мекенінде балабақша мен кішігірім жатақxана ғимаратын салды. Бұл жерде бүгінде 100-ден аса балақан тәлім алып, 38 отбасы тұрып жатыр. Балабақшада медпункт, асxана, түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, Жақсылық аға ауыл балаларына спорт мектебін салып, бүгінде 300-дей жас жеткіншек самбо, дзюдо, бокс сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алды. Спорттың дамуына үлес қосқан ағамызға алғыс айта отырып, ғұмыр жасының ұзақ болуына тілекшіміз!

Марапатын алуға шыққан ағамыз осының алдында би билеген мүгедек екі жас балақанға бір-бір тұлпар сыйлады! Жүректің кең болғанына не жетсін!

Сондай-ақ

РУСЛАН ЧЕМУРЗИЕВ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

  Қостанайлық Руслан Чемурзиев алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. 2 мамырда Екатеринбургте (Ресей) жартылай ауыр салмақта …