Алматылық ипподромда естен кетпес мереке өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары тартысты да қызықты ат бәйгелерін тамашалады.
Салтанатты ашылу рәсімінде әйгілі каскадерлер командасы Nomad Stunts, ACTION FOR RED «Красный Полумесяц Казахстана» қызметінің құрметіне орай аттардың қатысуымен шоу көрсетті.
Бағдарлама бойынша түрлі қашықтықтарда 8 ат жарысы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам жүйрік жылқылар мен үздік шабандоздар жарыс жолына шықты.Спорттық шара естен кетпес бәйгемен аяқталды.
Юрий Кищенко, алматылық ипподромның директоры:
— Бүгін үш жасар биелер арасында ең басты дода өтті, онда үздік жыл биесі анықталды. Бұл бәйгенің қашықтығы 2400 метрді қамтиды. Олар екі айналымды жүгіріп өтіп, өзара мықтыны анықтады.Жалпы, бүгін бұқаралық, ауқымды шаралардың бірі біздің ипподромда өткеніне аса қуаныштымын. Осылайша, жүйрік жылқылар мен биелер іріктелді. Енді олар алдағы жарыстарда қала намысын қорғайтын болады. Осымен бесінші ат жарыстары өз мәресіне жетті, осы маусымда 10 шара жоспарланғанын айтып өткім келеді.
Әрине, 1 санаттағы Қазақстандағы ОКС және Элита жүлдесін ерекше атап өтуге болады. ОКС жүлдесі 1778 жылы Окс (Дубрава) мекенінде, лорд Дерби негізін қалаған. Бүгінгі күнге дейін 3 жасар биелер үшін маңызы зор, әйгілі жүлделердің бірі. Сондай-ақ, Элита жүлдесі – 4 жастан жоғары асыл тұқымды аттарға арналған ат жарысы. Аталмыш бәйгеге тек дербишілер мен алдыңғы жарыстардың жеңімпаздары ғана қатыса алады. Ал Анилина жүлдесі үш дүркін Еуропа жүлдесінің жеңімпазы, жүйрік сәйгүліктің құрметіне аталған.
Еділ Хусаинов, «ОКС» жүлдесінің жеңімпазы:
— Ауа-райы керемет! Біздің аттардың бағы жанып, барлығы жеңімпаз атанды. Мен бірнеше жылқының шабандозы ретінде додаға түсіп, өнер көрсеттім. ОКС жүлдесі ерекше бағалы да сыйлы жүлделердің бірі, оның жеңімпазы атану үлкен мәртебе! Жылқылардың дайындығы жоғарғы деңгейде, ең жүйрік, шапшаң екендерін дәлелдеді. Олардың арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Барлық ұйымдастырушыларға, бапкерлерге деген алғысым шексіз.
Сонымен қатар, ат жарысының аясында бас киімдер сайысы да өтті. Жеңімпаздарға Тамары Ламанукаева қазақстандық сәнгерінің, Studio K сұлулық салонының және Зара Абу фотографтың атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Алматылық ипподром қонақтарына әнші LOREN әсем ән мен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Ат жарыстарының ұйымдастырушылары: Алматы қаласы әкімдігі, «Au Nom De La Rose» гүлдер дүкені және «Рикс» компаниясы «Асем Ай» сауда маркасымен.
Ат жарысының нәтижелері:
«Красный Полумесяц Казаxстана» жүлдесі – Рапира
Шабандоз – Шидаков Д.Х
Бапкер – Болуров М.
«Болашақ» жүлдесі — Флэш Сан
Бапкер Семенов С.С.
«Золотая Миля» жүлдесі — Инвэйдер Эш
Шабандоз – Хусаинов Е.Ж
Бапкер – Карабельников П.Н
EXPO 2017 халықаралық көрмесіне арналған жүлде – Амстердам артист
Шабандоз және бапкер – Таалайбек уулу Б.
Астана күніне арналған жүлде – Дефенс Каунсел
Шабандоз және бапкер – Таалайбек уулу Б.
Анилина жүлдесі – Мэйк Мэморис
Шабандоз және бапкер – Таалайбек уулу Б.
«ОКС» жүлдесі — Найл Импресс
Шабандоз – Хусаинов Е. Ж.
Бапкер – Карабельников П. Н.
Элита жүлдесі – Пресанелла
Шабандоз – Хусаинов Е. Ж.
Бапкер – Карабельников П. Н.