Басты бет / Әлем / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР UFC ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР UFC ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ

«Qazaqstan» және «QazSport» телеарналары аралас жекпе-жектен әлем бойынша бірінші орында тұрған ұйым UFC (Ultimate Fighting Championship) жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсететін болды. Бұл ақпаратты «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин хабарлады.

Телерадиокорпорация UFC ұйымымен 1,5 жылға келісімшарт жасасқан. Ал алғашқы жекпе-жек кештерінің көрсетілімдері 8-ші қыркүйектен басталады.

Ерлан Қариннің айтуынша: «2018-шы жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Qazaqstan» және «QazSport» телеарналарында UFC-дің 14 жекпе-жегі эфирге шығады. Соның ішінде, 6-шы қазан күні Лас-Вегаста өтетін ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмогомедовтың арасында өтетін UFC 229 кеші де көрсетілетін болады. Ал, 2019-шы жылы 40-тан астам турнирдің көрсетілімі жоспарланып отыр.

Жекпе-жек кештерінің негізгі көрсетілімінен бөлек, Қазақстандағы белгілі ММА мамандарының қатысуымен түрлі студиялық бағдарламалар мен атақты UFC спортшылары туралы арнайы хабарлар дайындалады.

Аталған келісім-шарт елімізде осы спорт түрінің дамуымен қатар, қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейде дайындалуына септігін тигізетін болады».

Ал телеарнаның директоры Павел Цыбулиннің мәлімдеуінше: «Сондай-ақ, біз 16-шы қыркүйек күні барша қазақстандықтар асыға күтіп жүрген Головкин мен Альварес арасындағы бокс кешін көрсететін боламыз.

Сонымен қатар, 20-шы қыркүйектен бастап біздің арналарымызда «Qazaqstan FIGHTER» жобасының тұсаукесері болмақ. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның мақсаты — Қазақстандағы аралас жекпе-жек спортын дамыту».

Суреттер: Kazsport.kaztrk.kz сайтынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …