15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек өтеді.
«QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін бокс кеші Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең, Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де басталады. Бокс кеші сағат 10:00-ге дейін жалғасады. Ұлттық «Qazaqstan» телеарнасыда жылдың ең үздік жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Естеріңізде болса, Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.
Бұл жолы қос боксшыда шешімді төрешілерге қалдырмай, нокаутпен жеңіске жетуді ойлауда.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт