Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ФРАНЦИЯ — ГОЛЛАНДИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ФРАНЦИЯ — ГОЛЛАНДИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Франция құрамасы өз алаңында Голландия құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Бүгін, 9-шы қыркүйектен 10-шы қыркүйекке қараған түні, 2018-шы жылғы Әлем чемпионы Франция құрамасы Париждегі «Стад де Франс» стадионында Голландия құрамасымен кездеседі.

Қазақстандық «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.

Айта кетсек, Франция құрамасы Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Германия құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, А лигасының 1-ші тобында бір-бір ұпаймен бірінші және екінші орындарда тұр. Ал Голландия құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын енді өткізеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II БОКС КЕШІНІҢ ТОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA …