Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ӘЛИ БАЛОЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ НОКАУТПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ӘЛИ БАЛОЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ НОКАУТПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Санкт-Петербург қаласының «А2 Arena» аренасында өткен Фируза Шарипова — Юлия Куценко бокс кешінде, отандасымыз Әли Балоев шаршы алаңға көтерілді.

Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте, Әли Балоев (6-0, 5 КО) қарсыласы кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне шыққан Әзербайжандық боксшы Гулхусейн Агазадамен кездесу өткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жектің екінші раундтында жерлесіміз Әли қарсыласын ауыр соққылардың астына алды, екінші раундтың аяқталуына жақын қалғанда төреші бұны ары-қарай жалғастырудың қажеті жоқ деп шешіп, кедесуді тоқтатты.

Айта кетсек, кештің басты жекпе-жегінде Фируза Шарипова қарсыласы Юлия Куценконы төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы WIBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Бұл, Әли Балоевтың кәсіпқой бокстағы 7-ші жекпе-жегі және 7-ші жеңісі, оның 6-ы уақытынан бұрын аяқталды.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН ҰОК ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАРЫНДА STREET WORKOUT АЛАҢҚАЙЛАРЫН АШТЫ

Қазақстанның тағы екі қаласында street workout алаңқайлары ашылады. Өткен демалыс күндері Қазақстаннның екі қаласында  Street …