Gazzetta dello Sport басылымы, «Ювентус» клубындағы ойыншылардың жалақы мөлшерін жариялады.
Алтын доп жүлдесінің бес дүркін иегері Криштиану Роналду, жалақы мөлшері бойынша «Ювентус» пен А сериясында үлкен айырмашылықпен алда келеді.
«Ювентус» клубының ойыншыларына жалақы төлеу мөлшері бойынша Италия клубтары арасында 219 миллион еуромен бірінші орында тұр.
Италия чемпионатының ең көп жалақы алатын он ойыншысы қатарында «Юве» сапынан Криштиану Роналду (бірінші орын), Пауло Дибала (3), Миралем Пьянич (4), Дуглас Коста (5), Леонардо Бонуччи (7) және Эмре Джан (8) бар.
«Ювентус» клубындағы ойыншылардың жалақы мөлшері мен келісімшарт мерзімдерін назарларыңызға ұсынамыз:
Роналду – 31 миллион еуро, 2022 жыл
Дибала – 7, 2022
Пьянич – 6,5, 2023
Дуглас Коста, 6,5, 2022
Бонуччи, 5,5, 2022
Джан – 5, 2022
Хедира – 4, 2019
Манджукич – 4, 2020
Кьеллини – 4, 2020
Матюиди – 4, 2020
Куадрадо – 4, 2020
Щесны – 4, 2021
Канселу — 3, 2022
Бенатья – 3, 2020
Бернардески – 3, 2022
Бардзальи – 3, 2019
Алекс Сандро – 2,8, 2020
Перин – 2,3, 2022
Ругани – 2, 2021
Де Шильо – 2, 2022
Спинаццола – 1,5, 2022
Бентанкур – 1, 2022
Кин – 0,55, 2022
Пинсольо – 0,3, 2019
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт