Басты бет / Бокс / Астана Арландары / АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ТІЗЕ БҮКТІРДІ

 

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері өзбек боксшысы Шахрам Гиясов Асланбек Шымбергеновтен 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Astana Arlans — Uzbek Tigers 3:0

👊 69 кг салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов 47:48 48:47 48:47 есебімен жеңді.

Гиясов – Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері. Ал, Шымбергенов болса, 2016 жылы WSB жобасындағы «Азияның ең үздік боксшысы» атанды. «Астана арландары» сапына 2015 жылы қосылып, дәл сол жылы Бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы болған. Жобада ұзын-саны 8 жекпе-жек өткізген. Соның алтауында жеңіске жетті. Ал, өзбекстандық Шахрам Гиясов болса, екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіліс тапты.

 

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …