Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН БЕЛДІКТЕРІМЕН ЖАРНАМАҒА ТҮСТІ

ГОЛОВКИН БЕЛДІКТЕРІМЕН ЖАРНАМАҒА ТҮСТІ

 

Әлемге әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) пен Халықаралық бокс ұйымы (IBO) тұжырымдары бойынша жеңіп алған чемпиондық белбеулерімен фотосессияға қатысты.

Аталмыш суретке түсу рәсімін демеушісі мексикалық Tecato сыра компаниясы ұйымдастырды.

«GGG Tecate фотосессиясында 2017 жылғы ауқымды маркетингті науқанға дайындалуда»,- деп жазды твиттерге Головкинның промоутері Том Лёффлер.

Tecate — Мексикадағы ең танымал сыра. Атап өткен жөн, бұл компания Головкиннің тегеурінді қарсыласы, мексикалық Саул Альварес «Канеломен» де жұмыс істейді.

Головкин мен Канело прмоутерлерінің 2017 жылғы қыркүйекте жекпе-жек өткізу жөніндегі ауызша келісімдері бар.

Дегенмен, Геннадийдің келесі кездесуі 18 наурызда Нью-Йоркте американдық Дэниел Джейкобспен болатын сыңайлы.

Әзірге отандасымыз өз салмақ дәрежесінде төрт бірдей белбеуге қол жеткізген. Ал, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) тұжырымы бойынша әзірге белбеу британдық Билли Джо Сондерске тиесілі.

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …