Басты бет / Бокс / WBC ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ДОПИНГ СЫНАМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ХАБАРЛАДЫ

WBC ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ДОПИНГ СЫНАМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ХАБАРЛАДЫ

Бүкіләлемдік Бокс Кеңесінің президенті Маурисио Сулейман, отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдындағы кезекті допинг сынамаларынан сәтті өткенін хабарлады.

«WBC ұйымы, VADA-дан Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 22-ші тамызда тапсырған сынамалары таза екендігі жайлы хабар алды. Таза бокс бағдарламасы», — деп Маурисио твиттер парақшасында жазды.

Естеріңізге сала кетсек, 5-ші мамырға жоспарланған Канело мен Головкиннің екінші жекпе-жегі алдында, Сауль Альварестің допинг сынамалары екі мәрте кленбутеролға оң нәтиже көрсетіп, алты айға шеттетілген еді.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.

Сондай-ақ

UFC FIGHT NIGHT 136: МАРК ХАНТ — АЛЕКСЕЙ ОЛЕЙНИК ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 15-ші қыркүйек күні, Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен UFC FIGHT NIGHT 136 додасы өтеді. UFC …