Осы күнгі архивтер: 14.09.2018

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДАҒЫ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

14-ші қыркүйектен 15-ші қыркүйекке қараған түні, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдында соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. Салмақ өлшеу рәсімі Youtube-тегі HBO Boxing арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасында да көрсетіледі. …

толық оқу»

«БАРСЕЛОНА» СУАРЕСТІҢ ОРЫНЫН БАСА АЛАДЫ ДЕП ҮШ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫНЫ ҚАРАСТЫРУДА

Каталондық «Барселона», өзінің басты шабуылшысы Луис Суаресті алмастыра алатын шабуылшы ретінде, үш үздік шабуылшыны қарастыруда. Football Espana басылымының ақпаратына сенсек, уругвайлықтың «Камп Ноудағы» орынын басатын басты үміткер ретінде, Габриэл Жезус «Манчестер Сити», Харри Кейн «Тоттенхэм» және Мауро Икардидің «Интер» есімдері аталуда. «Барса» басшылығы Суарес жайлы нақты бір шешімді, осы маусымның …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ ШЫҢҒЫСХАН ТӘЖІБАЙ АҚШ-ТА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегі үшін салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Филадельфия (Пенсильвания штаты, АҚШ) қаласында өтетін бокс кешінде, отандасымыз америкалық боксшы Джастин Джонсонмен (6-17-6) алты раундтық жекпе-жекте қолғап түйістіреді. Басында Шыңғысханның қарсыласы кубалық боксшы Ясмани Педросо (2-4, 1 КО) болған еді. Салмақ өлшеу нәтижесі …

толық оқу»

«АЯКС» ДЕ ЙОНГТІ 75 МИЛЛИОН ЕУРОҒА ЖІБЕРУГЕ ДАЙЫН

«Аякс» клубы жартылай қорғаушы Френки Де Йонг үшін нақты баға қойды. Мәлімет бойынша, амстердамдық клуб 21 жастағы ойыншымен кем дегенде 75 миллион еуроға қоштасуға дайын. Голландия құрамасының ойыншысына басты үміткерлердің бірі ретінде «Барселона» клубы аталуда. Сонымен қатар, Де Йонгке «Реал Мадрид», «Пари Сен-Жермен», «Тоттенхэм» және «Рома» сынды клубтар қызығушылық танытуда. …

толық оқу»

2019-ШЫ ЖЫЛЫ АСТАНАДА ТРИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46 елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады. Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар. Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді. Конгреске қатысушылар 2019-шы жылдың 15-16 маусымында Қазақстанда …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ РУСЛАН МӘДИЕВ АҚШ-ТА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (12-0, 5 КО), Лас-Вегастағы (АҚШ) бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, өкінішке орай жеңіліп қалды. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық боксшы Пабло Сезар Кано (31-7-1, 21 КО) болды. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек, бесінші раундта тоқтатылды, себебі Пабло Сезар қабағы жарылып кетті. Сол сәтке дейін, Кано үш төрешінің шешімі бойынша, …

толық оқу»

ЛА ЛИГА ПРЕЗИДЕНТІ БІРІНШІ ЭЛЬ-КЛАСИКОНЫҢ НАҚТЫ ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫН АЙТТЫ

Испандық Ла Лига 10-шы кезеңдегі «Барселона» мен «Реал Мадрид» арасындағы ойынның өткізілетін нақты күні мен уақытын белгіледі. Маусымның бірінші Класикосы 28-ші қазан күні жергілікті уақытпен сағат 16:15-те басталады (Астана уақыты бойынша сағат 21:15-те). Бұл ақпаратты Ла Лига президенті Хавьер Тебас, Onda Cero радиосының El Transistor бағдарламасының эфирінде хабарлады. Екінші айналымның …

толық оқу»

БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

Баскетболдан Қазақстан құрамасының капитаны Рустам Ерғали Жапонияға қарсы өткен ойынды қорытындылады. Еске сала кетейік, бүгін Алматыда 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу айналымының екінші кезеңі өтіп, Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнаған болатын. Тартысты матчта қазақстандықтар Жапониядан 70:85 есебімен ұтылды. «Өте ауыр матч өткіздік. Жапония мықты команда. Біз физикалық тұрғыдан ақсадық, олардың …

толық оқу»

ҚХЛ: «БАРЫС» — «ТОРПЕДО» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы 2018/2019 маусымының бесінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында «Торпедоға» қарсы ойын өткізеді. Астана қаласында өтетін кездесу жергілікті уақытпен сағат 19:30-да басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын Астана қаласында өткізіп, қарсыласы Нижнекамсктің «Нефтехимик» клубына қосымша таймда 4:5 есебімен есе жіберген болатын. Сондай-ақ, …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРІ FIGHT NIGHTS-ТА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

Ресейлік Fight Nights промоушені ресми сайтында, салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады. Үздік ондыққа екі қазақстандық енді — олар, алтыншы орындағы Георгий Кичигин және осы жақында чемпиондық белбеуді жеңіп алған Жалғас Жұмағұлов тоғызыншы орында. Айта кетсек, Аралас жекпе-жектен 31-ші тамыз күні Астана қаласында өткен кеште, Жалғас …

толық оқу»