Финляндияның Саариселькя қаласында шаңғы спортынан Халықаралық турнир өтуде. Бұл сында отандасымыз Алексей Полторанин қола жүлдегер атанды.
10 км-лік классикалық әдіспен жүгіру сыңында отандасымыз үшінші орында келді. Нәтижесі 20 минут 24,1 секунд.
Бұл жарыста Ресейлік үш дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Максим Вылегжанин чемпион атанды. Екінші орында тағы бір Ресейлік Станислав Волженцев. Мәреге жеті спортшы бірдей келген. Оның алтауы Ресейліктер. Қазақстандық жалғыз спортшыға қарсы тұрған команда өз дегендеріне жетіп, алтынды өздеріне сақтап қалды. Полторанинге көмек беретін әріптесі болмағаны айқын көрініп тұрды.
Алексей Полтораниннен басқа отандастарымыз арасында Макалов Сергей 16-шы, Черепанов Сергей 18-ші, Малышев Сергей 26-шы орындардан көрінді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт