Қазақстандық бес жасар шаматшы қыз Қытайда өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Райан Жұмағали Қытайдың Паньцзин қаласында мектеп оқушылары арасындағы құрлықтық біріншілікте үздік үштіктен көрінді.
Шахматшы қыз жас категориясы бойынша жеті жасқа дейінгілер арасында бақ сынады. Турнирге 22 елден 300 шахматшы қатысты. Алматы қаласында тұратын екі дүркін Азия чемпионы Райан WCM (әйелдер арасында халықаралық спорт шеберіне үміткер) атағымен марапатталды. Райан осы атаққа 5 жас 10 айында қол жеткізгендіктен қазақстандық рекорд орнатты.
Шахматы қыз Шәкей Бауыржанның International Professional Chess School үйірмесінде жаттығады. Еске сала кетейік, бұл бапкер 2016 жылғы сегіз жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионы Айша Закированы жаттықтырған болатын.
sportportal.kz