Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛО ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДА ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛО ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДА ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен кейін төбелесіп қала жаздады.

Головкиннің салмағы таразыда 159,6 фунты (72,39 келіні) көрсетті. Ал қарсыласы Альварестің 159,4 фунт (72,3 келі) болды.

Салмақ өлшеуден кейін екі боксшы көз түйістірді, олар көп уақыттан бері алғаш рет бір-бірімен бетпе-бет кездесті. Бірақ, бұның соңы жақсылықпен аяқталмады, себебі боксшылар мен олардың командалары төбелесіп қала жаздады.

Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында дәл сол «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ БОБЫРЖАН МОМЫНОВ ЕКІ БІРДЕЙ БЕЛБЕУДІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (8-0, 7 КО) титулдық кездесу өткізді. Кеше, Ақтөбе қаласында «Tukeshov …