Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ

ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ

Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия чемпионаты аяқталды. Шардаралық жігіттер айтулы додада командалық есепте бірінші орынды айқын басымдықпен иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі

Ыстықкөл жағасында 3 күнге созылған сайыста Азия құрлығының Жапония, Үндістан, Корея, Малайзия, Пәкістан, Иран, Ирак, Моңғолия, Өзбекстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Қазақстан тағы басқа да мемлекеттерінің спортшылары күш сынасты.

Қазақстанның құрамасы сапында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының спортшылары қатысты. Осынау алпауыт елдер арасында жерлестеріміз топ жарып, командалық есепте ең үздің көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазақстанның əнұраны 23 рет шырқалып, көк туымыз биікте желбіреді. Одан кейінгі ІІ орынды Қырғызстан командасы еншілесе, ІІІ орын Иран мемлекетінің спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстандық команда 7 алтын, 4 күміс еншілесе, жастар арасында (19 жас пен 21 жас аралығы) 5 алтын, 1 күміс медальді еншіледі. Сол сияқты, ересек спортшылар сол қолмен 5 алтын, 4 күміс, ал оң қолмен 6 алтын, 4 күміс, 1 қолаға қол жеткізді.

Жеңімпаздар қатарында жасөспірімдер бойынша Абдулла Құралай, Сарыбай Ердəулет, Қадыр Нұрхан, Рахмет Азамат, Көшкенбек Нұрдəулет, Айтбек Бекет, Қаржау Есболаттар бірінші орынға тұрақтады. Ал, жастар арасында Əбсаттар Дəурен, Анықбай Беймен, Өсербай Қыдыр, Қадыр Нұрдəулет, Айдархан Нұрдəулет жеңімпаз атанды.

Ересектер арасында сол қолда Айдархан Нұрдəулет, Ақтай Талғат, Шəмиев Мағжан, Қарсыбаев Ғалымжан, Садуақасов Нұрдəулет, оң қолда Қыдырбай Əкім, Рүстембек Талғатбек, Шəмиев Қайырхан, Шəмиев Мағжан, Қарсыбаев Ғалымжан, Сәдуақасов Нұрдәулет жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл спортшылар енді шілде айында Хорватия мемлекетінде өтетін Əлем кубогына қатысатын болады.

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …