Бүгін Астана қаласында джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы басталады. Джиу-джитсу шеберлері файтинг, неваза, адс-комбат, дуо секілді джиу-джитсу түрлерінен кім мықтыны анықтайды. Аталмыш турнирде, Дархан Нортаев, Қуандық Қонысов, Елдос Қабденов, Мөлдір Мекенбаева сынды әлем және Азия чемпиондары бақ сынайды.
Спорттық шараның өтуіне: Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі мұрындық болып отыр.
Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығы Республика көлемінде джиу-джитсу спортының дамуына, спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік алған жалғыз ұйым. Және Халықаралық джиу-джитсу федерациясына (JJIF) мүше.
Өз кезегінде, Dodasport.kz сайты Қазақстан кубогының ақпараттық демеушісі.
Ильяс СӘРСЕНБАЙ.