Төрт жылдықтың басты додасы Рио Олимпиадасы мәресіне жетті. Бұл жолы ең үздік спортшы атағын Америкалық спортшы ұтып алды.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының «ең үздік» спортшысы атағын Америкалық жүзгіш Кэти Ледеки еншіледі.
Ледеки ойындарда 4 дүркін чемпион атанды. Ол жүзу сайыстары бойынша 200, 400, 800 метрлерде еркін әдістежәне 4/200 метр эстафетасында бірінші болып келді. Бұдан бөлек 4/100 метр эстафетасында күміс жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Лондон Олимпиадасында үздік атағын тағы бір Америкалық спортшы Мисси Франклин жеңіп алған болатын. Ол төрт алтын және бір қола жүлдені мойнына таққан.