Басты бет / Мақала / ПУТИНЦЕВА ФИНАЛДА ЖЕҢІЛДІ

ПУТИНЦЕВА ФИНАЛДА ЖЕҢІЛДІ

Теннистен Санкт-Петербор турнирінің финалында Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ші ракеткасы Юлия Путинцева Франция елінің өкілі Кристина Младеновичпен күш сынасты.

Бірінші партияда К.Младенович 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда есеп 5:3 болып, француз теннисшісі матч тағдырын шешетін  кезде доп берді. Міне, осы сәтте Ю.Путинцева нағыз шеберлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білді. Екі рет брейк жасап, үш геймді қатарынан ұтқан Юлия 6:5 есебімен алға шықты. Дегенмен Кристина қайта брейк жасап, таразы басын теңестіріп кетті. Алайда ол тай-брейкте жиі қателесті. Сөйтіп мұнда Ю.Путинцева 7:3 есебімен басым түсті.

Үшінші шешуші партияда франциялық спортшы бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға шықты. Көп ұзамай ол екінші брейк жасап, есепті 4:1-ге жеткізді. Есеп 5:2 болған кезде Юлия үш матчболда сәтті ойнап, брейк жасады. Кейін өз геймін алып, есепті 5:4-ке дейін қысқартты. Дегенмен К.Младенович өзі доп бергенде, бесінші матчболын сәтті пайдаланып, шешуші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ю.Путинцева жүлде қоры 700 мыңнан АҚШ долларынан асатын айтулы додада әлемнің сегізінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирін екі мәрте ұтқан ресейлік Светлана Кузнецованы, жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте бесінші сатыда тұрған словакиялық Доминика Цыбулкова сынды мықтыларды тізе бүктірді.

Сондай-ақ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 11 наурызда Флоридада (АҚШ) …