Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада 2017 ойындарының допинг сараптамасы жарияланды. Ойындарға қатысқан спортшылар таза болып шықты.
Бұл туралы Халықаралық Студенттік спорт федерациясының (FISU) ресми сайтында жарияланған.
Универсиада ойындары 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Оған 57 елден 1621 спортшы қатысқан болатын. Зертханаға жалпы саны 216 спортшының сынамалары жіберілген. Аустралиядан тексерілген сынамалардың барлығы да таза.