Басты бет / Бокс / БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВТІҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУЫ

БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВТІҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУЫ

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (7-0, 6KO) Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізген өзінің жетінші кездесуінде мексикалық боксшы – Мануел Марезге қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жетті.
«Кездесу біраз қиынға соқты. Қарсыласыма 2-3 соққы жасап, 1 соққыдан өткізіп алдым. Мануел де өзінің мықты екенін көрсете білді. Соққылар жасады. Маған лайықты қарсылас бола білді. Бірақ, Алланың қалауымен жеңіс маған бұйырды. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын. Тәуелсіздік мерекемізге тамаша тарту жасадым деп ойлаймын. Қазақстан жұртын тағы да жеңісімен құттықтаймын!», — дейді Батыр Жүкембаев.

Жекпе-жек Жан Паскаль мен Степан Божич андеркартында өтті.

Батыр соңғы жекпе-жегін 23 қазан күні өткен Льеме-Риос андеркардында мексикалық Иван Перейраға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласын 5 раундта теxникалық нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …