Қазан айының 8-і күні алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында он тоғызыншы велошеру өтеді.
«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталатын 9 шақырымдық қашықтықты құрайтын велошеру Тұңғыш Президент саябағында аяқталады. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады.
Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.
Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он тоғызыншысы болып саналады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда