Басты бет / Бокс / НҰРЛАН САПАРБАЙ ТӘЖІРБИЕЛІ ӘЗІРБАЙЖАН БОКСШЫСЫНАН ҰТЫЛДЫ

НҰРЛАН САПАРБАЙ ТӘЖІРБИЕЛІ ӘЗІРБАЙЖАН БОКСШЫСЫНАН ҰТЫЛДЫ

Жас қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Бакуде басталған Ислам ынтымақтастық ойындары жарысының алғашқы айналымынан аса алмады. Отандасымыз тәжірибелі әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовтан ұтылды.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жекте шаршы алаң иесі 5:0 есебімен жеңіске жетті. Нұрлан бір рет нокдаун алып та қалды.

Әзірбайжан боксшысы 19 жастағы отандасымыз үшін осал қарсылас емес еді. Магомедрасул 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қола алған. Екі рет әлем чемпионы атанған боксшы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатының финалында Иван Дычконы нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, осыған дейін ширек финалға Сұлтан Зауырбек (60 келі) пен Қуан Қуатов (суретте) (64 келі) шыққан еді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Жексенбінің ыстық күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 3000-ға жуық адам кезекті велошеруде кездесті. Бұл …