Қазан айының 29-ы күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында «БЖСМ» №2 БАҚ қызметкерлері арасында спартакиада өтеді. Қатысушылар шағын футболдан, арқан тартудан, шахматтан, гір көтеруден, армрестлингтен және үстел теннисінен жарыс жолына шығады.
Спорттық шара БАҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру, аталып өткен спорт түрлерін елге таныту,қала тұрғындарының физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында өткізіледі.
Айта кетер жайт, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы алып шаһардағы спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.
Өтетін орын: «БЖСМ» №2
Жарыстың басталуы: 09:00