Басты бет / Велоспорт / ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ ЛУЦЕНКО БАСЫМДЫЛЫҒЫН БЕРМЕДІ

ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ 5-ШІ КЕЗЕҢІНДЕ ЛУЦЕНКО БАСЫМДЫЛЫҒЫН БЕРМЕДІ

Түркияның Президенттік турының 5-ші кезеңі Сельчук пен Манису аралығнда өтіп, 137,7 шақырымға созылды.

Жарыс басталысымен көптеген шабуылдар орын алып, желдің де кесірі тиіп жатты. Алайда, «Астана» шабандоздары қарсыластардың көптеген шабуылдарына дер кезінде жауап беріп отырды.

Алғашқы спринтерлік белдеуден кейін 5 шабандоздан тұратын топ құрылды. Бірақ, олар жарыс аяқталуға 6 шақырым қалғанда пелоетонмен біте қайнасып кетті.

Кезең көпшілік күткендей жаппай спринтпен аяқталды. Жеңісті колумбиялық Альваро Одег иеленді.

Нәтижесінде Алексей Луценко ертең өтетін соңғы жарыс күні алдында өзінің басты есептегі басымдылығын сақтап қалды.

— Бүгін өте жүйкелі күн болды. 30 шақырымға дейін ешкімді алға жібермей отырдық. Спринтерлік белдеуді бірінші өтіп, қосымша ұпайлар еншіледік. Одан кейін 5 адамнан тұратын топ алға шығып, 2-2,5 минуттық басымдылық жинады. Бірақ, түбінде мәре сызығында жаппай спринт орын алды. Жарыс барысында әртүрлі желдің салдарынан жүйкемізді жұқартатындай оқиғалар орын алды. Ертең соңғы күнде жеңімпаз жейдесін сақтауға тырысамын, — деді Алексей Луценко.

Дереккөз: Astanaproteam.kz

Сондай-ақ

ҚХЛ: «БАРЫС» СЫРТ АЛАҢДА «АВТОМОБИЛИСТПЕН» ОЙЫН ӨТКІЗЕДІ

Құрлықтық хоккей лигасы он алтыншы кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилистке» қарсы ойын өткізеді. …