Басты бет / Әлем / БОКСШЫНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН КЕЗДЕСУ

БОКСШЫНЫҢ ӨМІРІН ҚИҒАН КЕЗДЕСУ

Ауыр нокаут алған британдық боксшы ауруханада қайтыс болды
Жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген Майк Тоуэлл Дэйл Эванске қарсы жекпе-жекте алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды.

Қос боксшы 29 қыркүйек күні Глазгода Ұлыбритания чемпионы атағы үшін таласқан. Эванс 25 жастағы Тоуэллді бесінші раундта нокаутқа жіберді. Жарақат алған спортшыны дәрігерлер бірден ауруханаға жеткізді. Ақхалаттылар боксшыны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда өлімнен арашалап қала алмады.

Майк Тоуэлл кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп,  11-інде жеңіске жеткен. Біреуі тең нәтижемен аяқталған.

 

Сондай-ақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БОЙТҰМАРЫ «ЗАБИВАКА» АТТЫ ҚАСҚЫР

Бірінші арнада «Вечерний Ургант» бағдарламасының тікелей эфирінде 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем чемпионатының бойтұмары анықталды. …