Қытайдың Үрімші қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті.
Қазақтың төл спорты бойынша өткен әлем чемпионатында 28 елден 205 спортшы қатысты. Қазақстандық құрама алты адаммен қатысқан. Бес салмақ дәрежесінде біздің балуандарға тең келер қарсылас болмады.
60 келіге дейінгі дәрежеде ең мықты алматылық Гұсман Қырғызбаев болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның егізі ағасы Ғұмар Қырғызбаев бірінші орынды иеленді. 80 келіге дейінгі салмақта Дәулет Пахлединов деңіске жетті. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбекке тең келер ешкім болмады. 90 келіден жоғарғы салмақта АЙбек Нұғымар алтын алды. Ең ауыр салмақтағы Мұхит Тұрсынов қола медальді иеленді.
Алда қазақстандық балуандарды тағы бір айтулы кездесулер күтіп тұр. 23 қазанда Алматыда «Еуразия барысы» ашық турнирі өтеді. Жарыста әлемнің 10 мемлекетінен балуандары қатысады.
Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылы Алматы қаласында бастау алған дүбірлі дода Ресейдің Ор қаласында, Астана қаласында, Беларусьтің Минск қаласында және соңғы рет Ресейдің Орынбор қаласында өткен болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт