Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жүлде алған Қазақстандық спортшылар $5 пен $250 мың арасында сыйақы алатын болды.
Олимпиада ойындарында 1 мен 6 орындарды алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сыйақы беріледі: 1 орын — $250 мың., 2 орын — $150 мың., 3 орын — $75 мың., 4 орын -$30 мың., 5 орын — $10 мың. және 6 орын — $ 5 мың.»
Паралимпиадашыларға да арнайы бөлінген сыйақы қоры бар: 1 орын — $50 мың., 2 орын — $35 мың., 3 орын- 25 мың., 4,5 пен 6 орындарға сәйкесінше — $14 мың., $6 мың. және $4 мың беріледі.
Жүлделі орын алған споршы мен оның жаттықтырушысы бірдей көлемде сыйақы алады.
Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейро 2016 Олимпиада ойындары тамыз айының 5-21 арасында өтеді. Қазақстан 25 спорт түрінен 103 спортшыны додаға қосып отыр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт