Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЛА ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ АУЛА ЛИГАСЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында жарыс өтті. Астана күніне арналған спорттық іс-шараға 1000-ға жуық әуесқойлар қатысты.

Теңбіл доп додасында 114 команданың ішінде 64 ұжым «А» лигасында өнер көрсетсе, 50 «Б» лигасында доп тепті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің стадионында болған ойындарға Макси Чай компаниясы қолдау көрсетті. А тобында «Құлагер» ойыншылары жеңімпаз атанса, «Prunk time» командасы екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті «Бразильцы» футболшылары қорытындылады.

— Бұл жарыс өте керемет деңгейде өтті. Бірінші рет қатысып жеңімпаз атандық. Ол біз үшін жақсы нәтиже. Өзіміз ФШМ стадионында жиі жаттығу жасап тұрамыз, күннің ыстығына қарамастан барлық қарсыласатрымызды жеңуге тырысытқ. Міне нәтижесі осы, — деп өз ойымен «Құлагер» командасының ойыншысы Ернар Сырымхан бөлісті.

15 жастан жоғары қатысушыларың арасында өткен кездесулер тартысқа толы болды. Солардың ішінде «Navi» командасы алтыннан алқа тақса, «Қайсар» клубы күміспен күптелді. Ал «Телеком» ойыншылары қоланы қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан аула командалары арасында өтетін турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ

«ЮВЕНТУС» ОН ОЙЫНШЫМЕН «УДИНЕЗЕНІ» ОҢАЙ ЖЕҢДІ

Италия біріншілігінің 9-шы кезеңінде өткен «Удинезе» мен «Ювентус» арасындағы ойында, төреші «Ювентус» командасының шабуылшысы Марио …