Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы сала мамандарлары арасында өткізген сауалнама қорытындысын жариялап, 2016 жылдың үздіктерін анықтады.
Өткен маусымда ұжым президенті Олжас Абраевтың қолынан осы марапатты алған Бауыржан Исламхан бұл жылы да үздік атанды.
Сауалнама бойынша 1-ші орынды иеленген «Қайрат» капитаны 46 ұпай жинаған. Екінші және үшінші сатыға жайғасқан футболшылардың еншілеген ұпай сандары тең. «Астана» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен ҚПЛ-ның «үздік сұрмергені» Жерар Гоу 27 ұпайдан жинаған. 4-ші сатыда Керекулік команданың бетке ұстар футболшысы Карлуш Фонсека (15 ұпай). Бестікті «халықтық команданың» ресейлік легионері Андрей Аршавин (13 ұпай) түйіндеп тұр.
Жаттықтырушылар арасында «Астана» құрамасымен Премьер лига мен Кубокты жеңіп алған болгариялық маман Станимир Стойлов «үздік бапкер» атанды.
ҚПЛ-да доп тебкен жас футболшылар ішінде «Ордабасы» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың бәсі жоғары болды. Екінші орынды «Ақтөбені» өрге сүйреген Дидар Жалмұхан иеленсе, «Ертіс» қорғаушысы Григорий Сартаков үштікті қорытындылады.
Ильяс Сәрсенбай.