Жеңілірек салмақта WBA (Super) чемпионы қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1-0, 18КО), осы салмақта IBF чемпионы ирландиялық Райан Барнетпен (17-0-0, 9 КО) келіссөздер жүргізіп, британдық промоутер Эдди Хирн ресми түрде өтетін уақытын белгіледі.
21 қазанда, Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) Одиссей Аренасында жеңілірек салмақта (53,5 келі / 118 фунт) 12 раундтық кездесу өтеді. Бұл кездесуде WBA (Super) және IBF белдіктері қойылмақ.
25 жасар ирландиялық Райан Барнет кәсіпқой боксқа 2013 жылы келіп, 17 кездесу өткізіп үлгерген, 9 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады. Карьерасында ең мықты қарсыласы ретінде оның рингте соңғы кездескен 33 жасар британдық Ли Хаскинсті (34-4-0, 14КО) айтуға болады. Ол соңғы жекпе-жегінде кездесіп, IBF белдігін жеңіп алған болатын.
Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың бапкері Рикки Хаттон осыдан үш жыл бұрын, ирландиялық боксшымен жұмыс жасап, тіпті Жанат пен Райан арасында жиі спарринг өтетін болған.